Несібелі Ибрагимова: Құлдыққа енем сатып жіберді

Несібелі Ибрагимова: Құлдыққа енем сатып жіберді Вы не имеете доступа к этому видео.
Длительность: 51мин 44сек Просмотров: 1 693 Добавлено: 6 месяцев назад Пользователь:
Описание: Адамның басты байлығы – бостандығы мен еркіндігі. Алайда, бұл құндылықтарға шектеу қойылып, еңбегі аяусыз қаналып жатқандар бар қоғамымызда. Құлдық құрсауына түскен кейіпкердің бірі - Несібелі Ибрагимова. Оның айтуынша, Мәскеу қаласына құлдыққа енесі сатып жіберген. «Мен Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданының тумасымын. Биыл 22-ге толамын. Анам екеуміз Шымкент қаласында пәтер жалдап тұрдық. Анам зейнеткер. 9-сыныптан кейін Астана қаласындағы колледжге оқуға түстім. 2013 жылы тұрмысқа шықтым, бір қызым бар. Күйеуім қыдырып, арақ ішіп, шегіп, үйдегі дүниені сатып, үйге келмейтін. Уақыт өте келе ажырастық. Кейін енем қайта-қайта хабарласып, анамнан, менен кешірім сұрап, күйеуіммен қосылуымды өтінді. Мен оған сеніп, қайта қосылдым. Бір күні енем «біз Мәскеуге барамыз» деді. Алдымен күйеуім кетті. Әуежайда енем маған «шаруаларым шығып қалды, өзің кете бер, мен бір аптадан кейін барамын, сені сол жақта келінім күтіп алады», деді. Мәскеуге өзім кеттім. Бірақ, енемнің келіні емес, бөтен адамдар күтіп алды. Олар мені сол Мәскеудегі бір дүкенге апарды. Сол дүкеннің иесі құжаттарымды, телефонымды алып қойды. Бір-екі күн маған жақсы сөйлеп, тауар сатуды үйретті. Біраз уақыттан кейін ол маған дөрекі сөйлеп, ұрса бастады. Тамақ бермейтін. Қара нан мен су ішіп, сол дүкенде ұйықтап жүрдім. Сосын олар мені ұра бастады. Өстіп 6 ай азап көрдім. Қыркүйек айында ол жақтан қашып шықтым»,- дейді Несібелі.
Спонсор: Қазақстан
Категории: Интересные видео