Суретші, карикатурашы Еркін Нұразханның «Дара жолы»

Суретші, карикатурашы Еркін Нұразханның «Дара жолы» Вы не имеете доступа к этому видео.
Длительность: 3мин 54сек Просмотров: 571 Добавлено: 8 месяцев назад Пользователь:
Описание: Суретші, карикатурашы, ҚР Мәдениет қайраткері, Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайы директорының орынбасары Еркін Нұразхан «Дара жолда» қонақта болды. Өнердегі қызықты жайттар мен бала күніндегі естеліктерімен бөлісті. «Бір күні біздің мектепке май бояуын әкеліпті. Оны қолдануды ешкім білмейді. «Сурет салады» деп мені шақыртып алды. Сөйтсем, үлкен фанерага орман салу керек екен. Ал, оны тек майлы бояумен салады екен. Алайда, оны немен езетінін ешкім білмейді. Сол ауылда Қапаш деген ағамыз болды. Ол кісі бояуды «ацетонмен кетіреді-ау» деді. Мен әлгі фанераны үйге алып келдім. Таңғы төртке дейін ацетонмен бояуды кетірдім. Ацетонның иісі өткір болғандықтан, үйдегілер таңертең тұра алмай, бастары ауырды. Кейін қанша жыл өтсе де, фанераны көрген сайын ацетонның иісі мұрныма келетін болды», - дейді суретші.
Спонсор: Қазақстан
Категории: Интересные видео
Тэги: дара жол