«Мемлекеттік ашық бюджет» байқауының жеңімпаздары анықталды

«Мемлекеттік ашық бюджет» байқауының жеңімпаздары анықталды Вы не имеете доступа к этому видео.
Длительность: 2мин 32сек Просмотров: 666 Добавлено: 6 месяцев назад Пользователь:
Описание: Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы және «Медиа орда» ұлттық қорының ұйымдастыруымен экономикалық сарапшы мамандар және осы салада қалам тербеп жүрген журналистер бас қосты. Клуб форматында өткізілген жиында қатысушылар өзара пікір алмасып, негізгі түйіткілді мәселелерді талқылады. Шара барысында өңірлерден келген журналистерге бюджет қаржысының түзілуі, жұмсалуына қатысты мәліметтерді қарапайым, түсінікті тілде жеткізу, сараптамалық мақалалар мен зерттеулер дайындау жолы көрсетілді. Жалпыдан жалқыға көшетін кездің келгендігі, қарапайым халықтың қаржылық сауаттылығы мен экономикалық білімін жетілдіру үшін журналистің өзі де тақырыпқа терең бойлап, қаузауы тиістігі сөз болды. «Мемлекеттік ашық бюджет» тақырыбындағы үздік зерттеу мақалалары байқауының қорытындысы жарияланып, жеңімпаздар мақтау қағаздарымен марапатталды, бағалы сыйлықтарға ие болды.
Спонсор: Қазақстан
Категории: Интересные видео