Неге арулар алаяқтардың құрығына тез түседі?

Неге арулар  алаяқтардың құрығына тез түседі? Вы не имеете доступа к этому видео.
Длительность: 31мин 06сек Просмотров: 1 708 Добавлено: 8 месяцев назад Пользователь:
Описание: Зұлфат Қанатқызы 29 жаста. Бірінші күйеуімен ажырасып кеткен. Себебі, күйеуі құмар ойындарға әуес болған. Біраз уақыттан кейін екінші рет азаматтық некеде тұрды. Алайда, екінші күйеуі де алаяқ болып шықты. Азаматтық некедегі күйеуі үйін, көлігін алдап тартып алған. Онымен қоса өзі із-түзсіз жоқ болып, артынан қарыз ақша тастап кетіпті. «Екінші күйеуіммен 2007 жылы таныстым. Тез тіл табысып кеттік. Күнара гүл, сыйлық сыйлап, іші-бауырыма кіріп алды. Ата-анаммен, бауырларыммен танысты. Сенімге кірді. Өз ауылына апарып, ата-анасымен таныстырды. Сосын азаматтық некеде тұруға ұсыныс жасады. Кәдімгі отбасы болып, жақсы тұрдық. Уақыт өте келе мен оның басқа адам екеніне көзім жете бастады. Оның әйелі, екі баласы бар екенін білдім. Естіген соң «бәрін тоқтатайық», дедім. Алайда, ол менен кешірім сұрап, психологиялық қысым жасады. Бірақ, неге екенін білмеймін, оның айтқанын істей бастадым. Мен оған қайтадан сендім. Басымдағы үйімді, көлігімді оның атына жазып бердім. Ол болса із-түзсіз жоғалып кетті. Өзімнің ақымақтығымды мойындаймын», - дейді Зұлфат.
Спонсор: Қазақстан
Категории: Интересные видео