Әбіш Кекілбаевқа арналған бағдарламада жазушының көзін көргендер мен аялуы жары сыр шертті

«Qazaqstan» Ұлттық арнасының «Ұлы дала ұлағаты» бағдарламасы заңғар жазушы, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаевтың өмір жолына арналды. Бала болып ойнауды білмеген, бір минутын босқа шығындауға қимайтын бала Әбіш Маңғыстау облысында дүниеге келген. Кішкентайынан аңыз-ертегілерді, ғибратты әңгімелерді санасына құйып өскен зерек бала хат таныған соң әдебиетпен сусындады. Дәстүрлі шешендік өнерді бойға сіңіру бір бөлек, оны одан әрі дамыту басқа дүние. Әбіш Кекілбаев осы екі шаруаны да толығымен орындады. Қазақтың киелі сөз өнерін меңгеріп, бір деңгейге шыққаннан кейін сол өнерге әсер ете бастады. Өзі жаңалық енгізе бастады. Оның ауқымын, шекарасын кеңейте бастады. «Менің есімде қалғаны, Әбіш университетте әдебиет жиынында көзге түсті. Ол Нұрпейісовтың «Қан мен тер» романы жөнінде баяндама жасады. Содан бері осы роман туралы қанша мақала жазылса да, ешқайсысы студент Кекілбаевтан аса алмады. Қазақ қоғамында әрі-бергі заманда өткен даналардың біреуі еді. Ол данышпан еді», -дейді Мырзатай Жолдасбеков. Болмыс бітімі бөлек, ірі тұлға 3 жасында әкесінен жетім қалып, анасының тәрбиесінде өскен. «Әбіштің анасы өте ұлағатты адам, ақылды кісі еді. Ешкімді жамандамайтын, көп сөйлемейтін. Бір айтқаны дұрыс келетін. Әбіштің жолдастарын құшағын жайып қарсы алатын», - дейді Әбіш Кекілбаевтың жұбайы Клара Жұмабайқызы.

Просмотров: 193

Длительность: 6мин 45сек

Добавлено: 13.11.2017

Пользователь: Телеарна ұсынады

Телеканал: QAZAQSTAN

Категории: Интересные видео

Вы будете первым!

Картинка защиты

Смотрите онлайн видео абсолютно бесплатно и в хорошем качестве! Вам больше не придется бороздить просторы Интернета в поисках интересного сериала или тв передачи - iTube собрал для вас все лучшее в одном портале. В iTube вы быстро и без лишних усилий найдете именно то, что нужно вам! Наши видео рассчитаны на зрителей любых возрастов и всех предпочтений.

Какие теле сериалы можно посмотреть онлайн на нашем портале: Казахстанский сериал Қызыл алма (кызыл алма), Турецкие сериалы на казахском языке Бозторғай (бозторгай) и Ертұғырыл (эртугрул), Филиппинский сериал на казахском языке Ақ пен қара (ак пен кара), Индийский сериал на казахском языке Келін (келин), Отечественные сериалы Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан, Японский сериал на казахском языке Қалампыр (калампыр). Также вас ждут последние записи популярных телепередач Казахстана, такие как: Түнгі студияда c Нурланом Коянбаевым (тунги студия), Әйел бақыты с Ләйлә Сұлтанқызы (айел бакыты), Жайдарман (квн на казахском), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) и многое другое. Смотреть видео онлайн, собранная на нашем сервисе, постоянно пополняется. Мы отслеживаем все обновления нашего телеканала, и вы можете быть уверены, что обязательно найдете их в нашем портале.