Төрегелді Шарманов: Мәселе көп жасауда емес, сапалы өмір сүруде

Төрегелді Шарманов: Мәселе көп жасауда емес, сапалы өмір сүруде Вы не имеете доступа к этому видео.
Длительность: 13мин 57сек Просмотров: 249 Добавлено: 2 недели назад Пользователь:
Описание: Қазақ тағамтану академиясының президенті, медицина ғылымдарының докторы, профессор, академик, қазақстандық гигиенист-нутрициолог Төрегелді Шарманов бағдарлама қонағы болды. Профессор тағамдар сапасын жақсарту, ұлттық тағамның дамуы, дұрыс тамақтану секілді мәселелерді қозғады. «Біздің ұлттық тағам бұрындары тек сүт, айран, құрт, ірімшік, май, саумал, қаймақпен шектеліп келген. Қазір біз оны тереңірек зерттедік. Өмірдің қалыптасуына байланысты оны жан-жақты дамыту керек. Мысалы, басқа елде пайдаланылатын тағам түрлерін біздің тағамға қосу керек. Етті көп жеу дұрыс емес. Еттен тек жылқы еті мен оның сүті денсаулыққа пайдалы. Денсаулыққа пайдалы болу үшін сұйық май, сұйық тағамды пайдалану керек. Адам әртүрлі жылдамдықпен қартаяды. Адамның өмірге деген сауатты түсінігі қалыптасса, көп жасауға болады. Мәселе көп жасауда емес, сапалы өмір сүруде. Мысалы, мен 87 келсем де тынымсыз еңбек етемін. Ерте тұрамын, дене шынықтырамын, суға түсемін, онымен қоса ми жұмысымен де айналысамын. Музыка тыңдаймын, лекция оқимын. Дене қимылы мен ми қимылы арасында баланс болуы керек», - дейді профессор.
Спонсор: Қазақстан
Категории: Интересные видео