Елордалық Салтанат Ерсұлтан «Алтын сақа» фестивалінің жүлдесін ұтып алды

Елордалық Салтанат Ерсұлтан «Алтын сақа» фестивалінің жүлдесін ұтып алды Вы не имеете доступа к этому видео.
Длительность: 7мин 56сек Просмотров: 255 Добавлено: 2 недели назад Пользователь:
Описание: Елордалық Салтанат Ерсұлтан «Түрксой» ұйымымен ұйымдастырылған «Алтын сақа» халықаралық анимациялық фильмдер фестивалінде арнайы жүлде ұтып алды. Студияға келген Салтанат Ерсұлтан байқаудағы жетістіктерімен, жоспарларымен бөлісті. «Бұл анимация саласындағы алғашқы жетістігім. Байқау Түркістан қаласында өтті. Мен ең жас қатысушысы болдым. Қатысқан аниматордардың жастары 40-50 жастағы кісілер. Ішінде арнайы жүлдені алғаныма ризамын. Мен үшін бұл үлкен жетістік. «Арман» мультфильмінде құрт пен ұлудың арасындағы диалог өтеді. Сюжет бойынша құрттың арманы - көбелек болу. Ал, ұлу оның көбелек болмайтынына сендіргісі келеді. Мұндай жағдай өмірде де болып жатады. Адамдар бір түннің ішінде жұлдызға айналады. Оларды да көреалмайтын адамдар болады. Бала кезімнен жыр, дастан естіп өскен баламын. Өзіміздің дастандарымызды мультфильм жасап шығарсақ, осы салада үлкен орын аламыз деп санаймын. 1,5 минуттық мультфильмді 3 ай жасадым. Әлі де жасап жатырмын. Мақсатым – «Оскар» жүлдесін алу. Жұмыс негізі қиын. Алғашқы жұмысым болған соң оңайынан бастадым. Сондықтан осы кейіпкердерді таңдадым. Қазіргі таңда анама клип түсіріп жатырмын. Көп ұзамай ол жаңалықпен сіздермен бөлісемін. Ол кезде мультфильм адамдар кейіпінде болады», - дейді қонақ.
Спонсор: Қазақстан
Категории: Интересные видео
Модели: Ирина Тен