Бейбіт Мұсаев: «Мен қазақпын» жобасы ұлттық өнердің насихаттаушысы

Бейбіт Мұсаев: «Мен қазақпын» жобасы ұлттық өнердің насихаттаушысы Вы не имеете доступа к этому видео.
Длительность: 12мин 54сек Просмотров: 357 Добавлено: 3 недели назад Пользователь:
Описание: «Мен қазақпын» дәстүрлі ән мега-жобасының үміткері Бейбіт Мұсаев бүгін студия қонағы болды. «Ұлттық арнада дәстүрлі ән, күй, терме номинациясы бойынша үлкен жоба өтіп жатыр. Бұл байқауда тек Қазақстаннан емес, Ресей, Моңғолия, Қытай қазақтары бақ сынауда. Байқауға бас-аяғы 3000 үміткер ұсыныс жасап, оның 700-і қабылданып, оның ішінен 30-ы іріктеуден ширек финалға өтті. Осындай жобаға қатысқаныма қуанамын. Орындайтын әндер айналымдағы билеттер арқылы түсіп жатыр. Келесі айналымға өтсе, тек ән емес, ансамбль, оркестрмен жанды дауыста бақ сынайды. Әр елдің дәстүрлі ән мектебі әр түрлі. Маған Моңғол елінің мектебі ұнады. Қазір эстрада әні жарқырап, дәстүрлі ән қарқынды дамымай тұрған кез. Аталмыш жоба арқылы дәстүрлі әнге деген сұраныс артады. Мега жоба дәстүрлі өнерге халықты кеңінен тартуға, қызықтыруға, баулуға үлкен жол ашып отыр», - дейді әнші.
Спонсор: Қазақстан
Категории: Интересные видео
Модели: Ирина Тен