Шерубай Құрманбайұлы: Латын қарпін енгізуден қазақ тек ұтады

Шерубай Құрманбайұлы: Латын қарпін енгізуден қазақ  тек ұтады Вы не имеете доступа к этому видео.
Длительность: 14мин 37сек Просмотров: 155 Добавлено: 1 неделю назад Пользователь:
Описание: Қазіргі уақытта қоғамда латын қарпіне ауысу мәселесі кең көлемде талқылануда. Осыған орай бүгін студияға филология ғылымдарының докторы, профессор Шерубай Құрманбайұлы келіп, латын әліпбиіне ауысуға қатысты сұхбат берді. «Әрине, латын қарпіне ауысу - табиғи нәрсе, өйткені жазу, әріпті ауыстыру әр адамға қатысты. Бұл мәселенің балабақшаға барған баладан бастап, академикке дейін қатысы бар. Әліпбидің тағдырына ешкім бейжай қарай алмайды. Қоғамда ашық пікірлер айтылып, талқылануы керек. Көпшіліктің дұрыс айтылған пікірлерін сараптап, әліпбиді қолданысқа енгізгенде соның тиімді, ұтымды, ғылыми негізделген жақтарын ескеру керек. Латын әліпбиін зерттеу бүгін басталған жоқ. Біз әліпбиді тарихында қолданған халықпыз. Тәуелсіздік алғалы бері латын қарпіне көшу мәселесі көп талқыланды, Елбасына хаттар жіберілген болатын. Латын қарпіне көшкен көршілес, түркілес елдердің тәжірибесі зерделенді. Біраз мақала жазылып, конференциялар өтті. Бұл мәселе жеткілікті талқыланды. Бұдан әрі созудың қажеттілігі жоқ. Алайда, пікірлер ескерілуі керек. Негізгі қайшылық – қос әріп. Мұны да ескеру керек. Мамандар арасында айтылар. Жалпы, латын қарпін енгізуден қазақ қауымы тек ұтады», - дейді профессор.
Спонсор: Қазақстан
Категории: Интересные видео
Модели: Ирина Тен