29 тамыз – Бүкіләлемдік ядролық қарудан бас тарту күні

29 тамыз – Бүкіләлемдік ядролық қарудан бас тарту күні Вы не имеете доступа к этому видео.
Длительность: 2мин 01сек Просмотров: 271 Добавлено: 3 недели назад Пользователь:
Описание: 26 жыл бұрын Семей ядролық полигонын жабу туралы Жарлыққа қол қойылды. Қазақстан әлемде 4-інші әлемдік ядролық держава бола тұра қарудан бас тартты. Президент Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ, Франция, Ресей елдерінің басшыларымен кездесіп, келісім сөздер жүргізді. Ядролық қаруды Қазақстаннан аластату бойынша күш салынып, 1994 жылы келісімге келді. 1995 жылы соңғы ядролық қару Қазақ елінен әкетілді. Тәуелсіздігін жариялағаннан кейін Қазақстан ядролық арсенал жағынан қуаттылығы бойынша әлемде 4-інші мемлекет ретінде белгілі болды. Алайда, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті ядролық держава басшысы болудан бас тартып, даналық танытты. Бейбітшілікті ту еткен ел күллі әлемге осылайша үлгі көрсетті. 2009 жылы БҰҰ Бас ассамблеясының 1-інші комитетіне Қазақстан 29 тамызды Бүкіләлемдік ядролық қарудан бас тарту күні деп жариялауды ұсынды. Бұл қауіпсіз әлемді құрудағы талаптардың бірі. Жыл сайын бұл күн кең ауқымда аталып өтіледі.
Спонсор: Қазақстан
Категории: Интересные видео
Модели: Ирина Тен