Қазақстандық үздік анимациялық мультфильмдер

Қазақстандық үздік анимациялық мультфильмдер Вы не имеете доступа к этому видео.
Длительность: 2мин 32сек Просмотров: 334 Добавлено: 4 недели назад Пользователь:
Описание: Қазақ күресінің сюжетін арқау еткен «Қазақстан барысы» мультфильмі төл спортымызды насихаттауға үлкен септігін тигізді. Үлкендердің де, балалардың да қызығушылығын тудырған анимациялық фильмде қазақ күресінен жан-жануарлар арасындағы бәсеке суреттеледі. Жұртын жұттан құтқару үшін өзін құрбан еткен Толағай туралы халық ертегісін режиссер Батырхан Дәуренбеков 2011 жылы мультипликациялық фильм ретінде көрермен назарына ұсынды. Мұнда туған жерге деген шексіз махаббат көрініс табады. Жазушы Мұхтар Әуезовтың әйгілі «Көксерек» әңгімесі 2015 жылы режиссер Мейіржан Сандыбайдың бастамасымен мультфильм болып жарық көрді. Бала Құрмаш қанша бауырына тартса да орманға қарап ұлыған қасқыр туралы баяндайтын анимациялық фильмді Қазақ Ұлттық өнер университетінің студенттері мен «Қадам» студиясы бірлесіп шығарды. 2009 жылы жарық көрген режиссер Батырхан Дәуренбековтың «Қошқар мен теке» анимациялық фильмі көптің көңілінен шығып, еліміздің атынан талай халықаралық байқауларда бақ сынаған туынды. Сюжетте тар қораға қамалған жануарлардың еркіндік іздеп, иелерінен жыраққа кетуі баяндалады. Сол жолда олар талай шытырман оқиғаны басынан өткереді. Кино мен мультфильмдерді талғаммен таңдап, қарайық!
Спонсор: Қазақстан
Категории: Интересные видео
Модели: Ирина Тен