Травматолог Анатолий Чучуло 45 жылда 30 мыңнан аса операция өткізген

Травматолог Анатолий  Чучуло 45 жылда 30 мыңнан аса операция өткізген Вы не имеете доступа к этому видео.
Длительность: 2мин 52сек Просмотров: 381 Добавлено: 1 месяц назад Пользователь:
Описание: Травматолог-дәрігер Анатолий Чучуло шәкірттерінің жамбас, сүйекке жасап жатқан операциясына кіріп, қолдау көрсетіп шықты. Күрделі операцияға белгілі травматологтың қатысып, сәттілік тілеуі - әріптестері үшін ерекше құмет. Себебі, зейнетке кетіп бара жатқан дәрігердің бүгін соңғы жұмыс күні. Анатолий Николаевич медицинаға 45 жыл ғұмырын арнаған. Оның 33 жылын Алматыдағы 4-ші қалалық клиникалық ауруханада өткізіпті. Ауруханының травматология бөлімін басқарған Анатолий елімізде алғаш рет жамбас, тізе буындарын айырбастау операциясын жасаған. Шетелде білімін жетілдіріп, медицинадағы инновациялық жаңалықтарды меңгеріп, шәкірттеріне үйретті. Ұжымда өзінің мектебін қалыптастырды. Анатолий Николаевич басқаратын бөлім жылына 1000-ға жуық науқасты емдесе, 900 операцияны дәрігердің өзі жасайды екен. 45 жылда 30 мыңнан аса операция өткізсе, оның 10 мыңы өте күрделі науқастар. «Алтын қолды» атанған дәрігер маман денсаулық сақтау ісінің үздігі, еңбек ардагері. «Жас кезімде токарь болып жұмыс істедім. Ол менің травматолог болуыма септігін тигізді. Сынған сүйекті шеге мен балға қолданып немесе бұралатын темір арқылы бекіту де осыған ұқсас. Бірге қызмет етіп жүрген әріптестеріммен бір үйдің адамындаймыз. Уақытымыздың көбісі осында өтетін болғандықтан, аурухана – екінші үйіміз», - дейді ардагер.
Спонсор: Қазақстан
Категории: Интересные видео
Модели: Ирина Тен