Данияр Базарқұлов: Қоғамда саналы ұрпақ, салиқалы тұлға қалыптасса..

Данияр Базарқұлов: Қоғамда саналы ұрпақ, салиқалы тұлға қалыптасса.. Вы не имеете доступа к этому видео.
Длительность: 6мин 34сек Просмотров: 642 Добавлено: 1 месяц назад Пользователь:
Описание: Әдетте театр дегенде көз алдымызға ең бірінші әрлеу бөлмесі, спектакльге қатысатын актерлер, сахна, қалың көрермен келеді. Ал актер Данияр Базарқұлов пен режиссер Ерлан Кәрібаев осы қатып қалған стереотиптерді бұзды. Яғни, «Ол» моноспектлінде мұнда сахна жоқ, грим де жоқ. Жасандылықтан ада. Актер шынайы. Адамның тек ішкі жанайқайы, актердің таза болмысы, табиғи адамдық келбеті ғана. Кино мен театр актері, тұтас бір спектаклді ойнап шыққан Данияр Базарқұлов бағдарламаға сұхбат берді. «Негізі бұл тәжірибемен келді. Театрға келгеніме 15 жыл болды. Бұл дүниенің ойда, жүректе жүргеніне 10 жылдың үсті болды. Біраз ойланып-толғанып, осындай дүние шығардық. Қойылымда бір адамның бейнесімен түрлі образ көрсетіледі. Жағымпаздықтан, жемқорлықтан ада болсақ деген ниет, саналы ұрпақ, салиқалы тұлға қалыптасса деген ой бар. Қойылым барлығының ойынан шықты деп ойламаймын. Өзінің көрермені бары анық. Басында бәрімізді сынады. Сын түзелмей, мін түзелмейді», - дейді актер.
Спонсор: Қазақстан
Категории: Интересные видео