Гүлперизат Өтебаева: Бала асырап алуымызға «Айтуға оңай...» бағдарламасы себепкер болды

Гүлперизат Өтебаева: Бала асырап алуымызға «Айтуға оңай...»  бағдарламасы себепкер болды Вы не имеете доступа к этому видео.
Длительность: 11мин 01сек Просмотров: 694 Добавлено: 2 месяца назад Пользователь:
Описание: Гүлперизат Өтебаева өрнек тоқып, кесте тігумен айналысады. Қазір бұл өнерге қыздарын да баулып жүр. Осыдан бірнеше жыл бұрын ол теледидардан тастанды балалар жайлы бағдарлама көріп қалады. Балаларға қатты жаны ашыған Гүлперизат бала асырап алуға бел байлайды. Бұл ниетін күйеуі Азамат та құп көріп, бірден іске кіріседі. Сөйтіп, көп ұзамай ерлі-зайыптылар балалар үйінен Ділназ бен Аружанды асырап алады. Өздерінің бір ұл, бір қыздары бар. Қазір Гүлперизат төрт баланың анасы. «Сіздердің бағдарламаларыңыз бізге себепкер болды. Үйде тігіс тігіп отырғанмын. Теледидардан Тараз қаласында бір ананың өзінің үш баласы болса да, тағы бес бала асырып алғаны туралы естіп қалдым. Бала асырап алу менің де ойымда жүрген болатын. Бірақ, үйіміз екі бөлмелі еді. Үйімізді кеңейтіп алайық деп жүрдім. Ішіме сыймаған соң күйеуіме айттым. Ол мені қолдады. Сөйтіп, балалар үйіне бардым. Екеуі жүгіріп шықты. Аружан ана туралы өлең айтып берді. Екеуіне көңілім қатты кетті. Ұнаттым. Күйеуіме суреттерін көрсеттім. Кедергі де болды. Сосын аяқ астынан үй алдық. Көп ойландым. Өйткені бұл – үлкен жауапкершілік. Күні-түні ұйықтай алмадым. Сезімім жеңді. Құжаттарды 7 ай дайындадық. Қыздарға айтуға қорқып жүрсем, қыздар бәрін біліп жүріпті», - дейді Перизат. Жұбайы Азамат та әр баланың өз несібесі барын айтады. «Тараздың тумасымын. Алматыда оқу бітіріп, Екібастұзға жұмысқа бардым. Гүлперизат нағашыларына қыдырып келген екен. Ол - Ақтаудың тумасы. Екібастұзда танысып, сонда отбасын құрдық. Әр баланың нәсібі бар. Ешнәрседен тарығып отырған жоқпыз», - дейді ол.
Спонсор: Қазақстан
Категории: Интересные видео