Арайлым Жұмажанқызы: Ұзату тойын жасау үшін 2 млн теңге несие алдық

Арайлым Жұмажанқызы: Ұзату тойын жасау үшін 2 млн теңге несие алдық Вы не имеете доступа к этому видео.
Длительность: 11мин 00сек Просмотров: 651 Добавлено: 2 месяца назад Пользователь:
Описание: «Жігітіммен бір жыл жүрдім. Сосын ол маған үйленуге ұсыныс жасады. Біз ұзатуға дайындалдық. Үйдің еркесі болған соң ата-анам «Ұзатуды дүркіретіп жасаймыз!» деді. Ойда-жоқта үйленетін болған соң, ата-анам 2 млн несие алды. Ұзату көйлегін сатып алдым. Ұзату жақсы өтті. Жігіт жақ тойды бір айдан кейін жасайтын болды. Уақыт өтті. Күйеуімнің үйінде болдым. Сосын олар «Той болмайды!» деді. Күйеуім өзгерді. Қыдырып, маған қол көтере бастады. Енем де қатты болды. Мен оған шыдай алмадым. Ата-анама айттым. Олар «Далада жатқан қыз жоқ, үйге қайт!» деді. Артымнан келе ме деп ойладым. Бірақ, келмеді. 2-3 ай өтті. Тек хабарласты. Бірақ менің барғанымды қалап тұрған жоқ. Ол жай сөз екенін білемін. «Шын жүректен кешірім сұраса, барамын» деп ойладым. Асығыс шешім болды деп те ойлаймын. Қазір несиені ата-анаммен бірге төлеп жатырмыз. Айына 70 мың төлейміз. Әлі 3 жыл бар», - дейді Арайлым.
Спонсор: Қазақстан
Категории: Интересные видео