27 жастағы Эля: Дұрыс жолда жүрмегенімді мойындаймын

27 жастағы Эля: Дұрыс жолда жүрмегенімді мойындаймын Вы не имеете доступа к этому видео.
Длительность: 21мин 18сек Просмотров: 998 Добавлено: 4 недели назад Пользователь:
Описание: Жеңіл жүріске түсу оңай табыс табудың көзі ме? Әлде бойжеткенді мықтылап шырмайтын шырмауық па? «Ақылы махаббаттың» торына кімдер түседі? Бағдарламаға келген 27 жастағы Эля оқиғасымен бөлісті. «Мені әке-шешем қараған жоқ. Нағашы әжемнің қолында өстім. Атам ерте қайтыс болды. Әжем қайтыс болғанда 20 жаста болдым. Жалғыз қалдым. Оқымадым. Анамды бала кезімде көргенмін, ішімдікке салынған. Қазір де олардың қайда екенін білмеймін. Басында еден жудым, құрылыста қоқыс жинадым, басқа да әртүрлі жұмыстар істедім. Кейін әлеуметтік желі арқылы қыздармен таныстым. Олар маған жұмыс ұсынды. «Жақсы киім аласың, ақшаң болады» деп айтты. Сол кезде қатты қиналып жүрдім. Қазір сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Осы жолда жүргеніме 5 жыл болды. Дұрыс жолда жүрмегенімді мойындаймын. Ол жұмысымды қазір тастай алмаймын. Мүмкін үлкен бір себеп керек болар. Далада тұрмаймын. «Клиенттер» таныстар арқылы табады. Темекі, ішімдікке әуес емеспін. Жүкті болдым. Бірақ, ол баланы алдырып тастадым. Себебі, кімен екенін білмеймін. Жылулықты көрмегенмін. Ешкімге керек емес екенімді де білемін. Әжемді қатты сағынамын», - дейді Эля.
Спонсор: Қазақстан
Категории: Интересные видео