«Айтуға оңай...» кейіпкері: «Global Intellect Service» компаниясына 6 мың доллар салғаннан кейін барып қаржы пирамидасы екенін түсіндім

«Айтуға оңай...» кейіпкері: «Global Intellect Service» компаниясына 6 мың доллар салғаннан кейін барып қаржы пирамидасы екенін түсіндім Вы не имеете доступа к этому видео.
Длительность: 5мин 46сек Просмотров: 730 Добавлено: 1 месяц назад Пользователь:
Описание: «Алдыңғы жылдың 22 маусымында әріптесім «Global Intellect Service» компаниясының презентациясына шақырды. Өзім инновация саласында қызмет еткен соң, оның ұсынысы қызық болып көрінді. Менің ойым, мобильді қосымша жасап, кәсіпкерлерге ұсыну болатын. Мобильді қосымша жасауға қызығып жүрген едім. Сонымен бастапқы кезде 1000 доллар, сосын 5 000 доллар бердім. Жалпы ақпарат аз болды. Түптеп келгенде ешнәрсе үйретпеді. Басында олар маған «Бәрін көрсетеміз, түсіндіреміз, 200 адамның тізімін жасап, оларды кездесуге шақырасың, 12 ережені толықтай орындау керексің, сол кезде бизнестің қыр-сырын түсінесің»,- деді. Тізім жасадым, адамдарды шақырдым. Шақырған адамдарға «Достарыммен керемет жоба жасап жатырмын» деп, жалған сөйлеуім керек болды. 3 апта айтқандарын істедім. Сосын өзіме «Осының бәрін не үшін жасап жүрмін?» деген сұрақ қойдым. Оларға «Компания тіркелген бе, қосымшаның құжаттары бар ма?» деген кезде сұрақтан жалтара бастады. Ақша сол бойы кетті», - дейді Әйгерім.
Спонсор: Қазақстан
Категории: Интересные видео