Әнші Ерлан Орынбасаров: Тыңдармандарымыздың әлеуметтік желілердегі пікірлеріне жиі көңіл аударамыз

Әнші Ерлан Орынбасаров: Тыңдармандарымыздың әлеуметтік желілердегі пікірлеріне жиі көңіл аударамыз Вы не имеете доступа к этому видео.
Длительность: 12мин 38сек Просмотров: 563 Добавлено: 2 месяца назад Пользователь:
Описание: Әнші Ерлан Орынбасаров бағдарламаға қонақ болып, өнердегі және өмірдегі жаңалықтарымен бөлісті. «Жуырда ұлды болдым. Баянның жағдайы өте жақсы. Қасында болған соң, ана болу қандай қиын екенін көресің. Сондықтан, баламның есімін қоюды жұбайыма ұсындым. Есімі - Зейін. Тыңдармандарымыздың әлеуметтік желілердегі пікірлеріне жиі көңіл аударамыз. Соңғы кездері «Баян дуэт айтқалы гитарасын ұмытып қалмады ма?» деген сұрақтар көп келеді. Әрбір жанкүйердің пікірін, тілектерін оқуға, тыңдауға, соған қарай түзелуге тырысамыз. Сондықтан, Баянның жеке үнтаспасын жаздық. Ол - тек қана гитарамен орындалған халық әндері. Жалпы, менің де, Баянның қорында да әндер жеткілікті. Баян демалыстан шыққан соң жаңа бейнебаян жазуға кірісеміз. Ән жазған кезде алдымен ғаламторда таратамыз. Кейін халықтың пікірін саралаймыз. Соңғы кезде бірге айтқан әндердің ішінде «Жүрегім» әніне сұраныс көп. Сондықтан, бейнебаянды осы әнге жазамыз. Әндерімізді жұрт жиі сұрап жатады. Әсіресе, жаңадан үйленіп жатқан жастар тойларында орындау үшін сұрайды. Біз, әрине береміз. Алайда, сахнада орындауға рұқсат жоқ. Көп әндерді өзіміз жазамыз. Сондықтан, оларға авторлық құқық бар», - дейді өнер иесі.
Спонсор: Қазақстан
Категории: Интересные видео
Модели: Ирина Тен