42 жасар Ерлан Есенбеков: Сөзіне берік, жаныма серік жан табылса екен

42 жасар Ерлан Есенбеков: Сөзіне берік, жаныма серік жан табылса екен Вы не имеете доступа к этому видео.
Длительность: 9мин 33сек Просмотров: 564 Добавлено: 3 месяца назад Пользователь:
Описание: Қазір қоғамда жасы 40-50-ге таяп қалса да, әлі күнге аяқтанбаған жігіт ағалары көп. Солардың бірі - Ерлан Есенбеков. 42 жастағы Ерлан әлі отбасын құрмаған. Қазір ол «Алтын орда» базарында жұмысшы. «Өз қатарым аяқтанып кеткен, ал, жас қыздар маған қарамайды. Бірақ, күндердің күнінде теңім табылып, үйленетін шығармын», деп үміттенеді. Ерлан - Алматы облысы Ашсысай елді мекенінің тумасы. Сол ауылда орта мектепті бітірген. Жастайынан еңбекке араласады. Кез келген іс қолынан келеді. «Тек сөзіне берік, жаныма серік болатын жан табылса екен», дейді. «Алты ағайындымыз. Барлығы үйленген, отбасылы. Тек мен ғана бойдақпын. Орта білім алғанмын. Қазір базарда жүк тасушымын. Өзіммен қатарлас қыздар отбасын құрып қойған. Қыздармен танысып, сөйлессем «үлкенсіз» дейді. 25-30 жастағы қыздар түріме қарап менсінбейді. Ойларынан шықпаймын. Ал, мен өзімді төмен түсіргім келмейді. Ақылды және иманды әйел алғым келеді. Себебі, ақыл мен иман болса, бәріне де шыдайды. Ақылы жоқ қызды ұстай алмайсың. Адамның көркі - уақытша дүние. Бәріміз де қартаямыз. Ата-анам ауылда тұрады. Отбасым менің үйленгенімді күтіп отыр. Үйленгенде қай жер ыңғайлы болса, сол жерде тұрамын. Қара жұмыс істесем де бағамын. Тек сөзіне берік, жаныма серік жан табылса екен», - дейді Ерлан.
Спонсор: Қазақстан
Категории: Интересные видео