Рамазан Әлімқұлов: Биыл ҰБТ-де 140 балды ешкім ала алмады

Рамазан Әлімқұлов: Биыл ҰБТ-де 140 балды ешкім ала алмады Вы не имеете доступа к этому видео.
Длительность: 12мин 01сек Просмотров: 554 Добавлено: 3 месяца назад Пользователь:
Описание: Ұлттық тестілеу орталығының директоры Рамазан Әлімқұлов бағдарлама қонағы болды. «Жыл сайынғы 12 тестілеу шарасы бар. Оның ішінде ҰБТ, кешенді тестілеу. Сонымен қатар, былтырдан бергі жақсы жаңалық - ҰБТ-ден, кешенді тестілеуден өте алмай қалғандардың тамыз айында екінші рет тапсыру мүмкіншілігі бар. Екінші рет өте алмай қалса, ақылы бөлімге түсіп, бір семестрден кейін қаңтар айында қайта тапсыру мүмкіндігі бар. Жаңа форматтың жетістігі – бұрынғыдай психологиялқ қысым жоқ. Ескі формат бойынша оқушы өтсе өтті, өтпесе, ақылы түрде оқу мүмкіншілігі де болмаған. Министрдің тапсырмасы бойынша ҰБТ-ді қайта тапсыру мүмкіндігін бердік. Биылғы жаңа форматтың ерекшелігі – пәндер жаңа болды. Пәндердің арасында 3 міндетті, 2 профильді пәннен таңдау болды. Сонымен 5 пән, 120 сұрақ. 140 ұпай алатын мүмкіндік болды. Өкінішке қарай, биыл 140 балды ешкім ала алмады. Алматы қаласындағы М.Мақатаев атындағы мектеп түлегі Тасан Саят 139 ұпай алды. Қазақстанның қалған 7 түлегі 138 ұпай алды. Жаңа форматтың көрсеткіштері жақсы десе де болады. Орта есеппен алған еліміздегі орташа ұпай - 80,5», - дейді Рамазан Әлімқұлов.
Спонсор: Қазақстан
Категории: Интересные видео