Алтай аймағының қазақ кестешілері «Таңшолпанның» төрінде

Алтай аймағының қазақ кестешілері «Таңшолпанның» төрінде Вы не имеете доступа к этому видео.
Длительность: 8мин 55сек Просмотров: 474 Добавлено: 2 месяца назад Пользователь:
Описание: Алыс жұртта жүріп, қазақ қолөнерін насихаттап жүрген қандастарымыз аз емес. Алтай елінен келген ұлттық қолөнер бұйымдарын жасайтын компания директоры Бағдагүл Оралтай мен шебер Ұлзира Мәлік бағдарламаға сұхбат берді. «Осы кәсіппен айналысқаныма 20 жыл болды. Оқу бітіргеннен кейін өзімнің қызығушылығыммен қазақтың қолөнерін дамыту, ұлттық мәдениетін жалғастыру туралы шешім қабылдап, кәсіпті бастадым. Бүгінге дейін компаниямыз 86 түрлі өнімді жарыққа шығарды. Оның ішінде қазақтың ұлттық киімдері, түскиіз, сырмақ, кітаптар және тағы да басқа бұйымдар бар. Компания дәстүрлі мәдениетімізді бейнелейтін, тарихи түс алған қолөнер бұйымдарын қайда іздесе де таба алатындай дәрежеде жасап, 160 адамды жұмыспен қамтып отыр. Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы қоғамының шақыруымен әлемдік жәрмеңкеге қатысқанымызға қуаныштымыз. Қазақ елінің қуатына көзіміз жетіп отыр. Бұл да, қазақ мәдениетін басқа елге таныту да – біз үшін мақтаныш», - дейді Бағдагүл Оралтай.
Спонсор: Қазақстан
Категории: Интересные видео
Модели: Ирина Тен