Рок-н-ролл тарихы туралы не білесіз?

Рок-н-ролл тарихы туралы не білесіз? Вы не имеете доступа к этому видео.
Длительность: 3мин 35сек Просмотров: 446 Добавлено: 2 месяца назад Пользователь:
Описание: 1954 жылы 12 сәуірде Америкада Билл Хейли ақ нәсілді әнші гитарист «Rock Around the Clock» атты сингл жаздырады. Бұл музыкалық туындының хитқа айналуына әлі бір жылдан аса уақыт бар. Өйткені, бұл кезде екі дүниежүзілік соғыстан шарғашаған әлем мамыражай өмір ырғағын тыңдаған кез. Музыкада сезімге толы, әсершіл, қоңыр дауысты әншілердің дәуірі болатын. Америка да өз музыкалық мәдениетін жабайы қара нәсілділердің ықпалынан қызғыштай қорғады. Салихалы американдықтың бейнесін қалыптастыруға күш салынды. Бірақ, ресми музыкамен қатар қайнаған өмір ырғақтарына құрылған басқа бағыт «Ритм-энд-блюз» өмір сүріп жатты. Бірде көше сленгі қосылған мәтінге «Ритм-энд-блюз» және «кантримен» ұштастырылған музыкаға жазылған «Rock Around the Clock» әнін Кливлент радостанциясының диск-жокеи Алан Фрид эфирден беріп жібереді. «Ақ нәсілділер шалқасынан түспесін» деп «рок-н-ролл» деген жаңа атау ойлап таба салады. Осылайша, жаңаша аталған бағыттағы ән көпшіліктің құлағына жетеді. Сол жылы 9 шілдеде хит парадта 1-ші орынға шығады да осы орнын 8 апта бойы ұстап тұрады. Осылайша рок-н-ролдың жаңа қарқынды бейнедегі дәуірі басталады.
Спонсор: Қазақстан
Категории: Интересные видео