Әнші Дастан Оразбеков: Бір адамды сүйіп жүріп, басқа адамға ғашық болу – қиын жағдай

Әнші Дастан Оразбеков: Бір адамды сүйіп жүріп, басқа адамға ғашық болу – қиын жағдай Вы не имеете доступа к этому видео.
Длительность: 14мин 51сек Просмотров: 503 Добавлено: 1 месяц назад Пользователь:
Описание: Көпшіліктің көзайымына айналған адамның өмірлік жолдасы болу қаншалықты қиын? Жұлдызға жар болу бақытты болудың кепілі ме, әлде үнемі арпалыспен өтетін өмір ме? Танымал адамның жары қандай қасиеттерден аулақ болуы керек? Студияға келген әнші Дастан Оразбеков осы сауалдар төңірегіндегі ой-пікірімен бөлісті. «Жарымның есімі - Жанат. Танысқанымызға биыл - 12 жыл. 2 жыл жүріп кейін үйлендік. Танымал адамдар үйленгенін әртүрлі себептермен жасырады деп ойлаймын. Алайда, бұл олардың жеке өмірі. Өзім үйленген соң бәріне жария еттім. Жарым өзінің айтқанын қайтпайтын адам. Принциптері, көзқарасы бар. Тік сөйлейді. Ренжісе, ұзақ ренжиді. Ренжіскенде кешірімді мен сұраймын. Не дегенмен, әйел адамдар жұмсақ келеді. Сондықтан, біз, еркектер төзімдірек болуымыз керек. Биыл отасқанымызға 10 жыл болады. Бір адамды сүйіп жүріп, басқа адамға ғашық болу – қиын жағдай. Жұбайыммен басында «егер өзге біреуді сүйіп қалсақ, бір-бірімізге айтамыз», деп алдын ала келіскенбіз. Өйткені, өзіңді де, өзгенің де сезімін алдамау керек. Меніңше, ондай жағдай болмауы да керек. Ал, егер отбасымда ондай жағдай туындаса, онда оны босатамын. Ол - тек айырылысу ғана», - дейді әнші.
Спонсор: Қазақстан
Категории: Интересные видео