Назерке Сұлтанбек: «Қазақстан» барысы 7-8 адамның еңбегінің нәтижесі

Назерке Сұлтанбек: «Қазақстан» барысы 7-8 адамның еңбегінің нәтижесі Вы не имеете доступа к этому видео.
Длительность: 8мин 47сек Просмотров: 536 Добавлено: 1 месяц назад Пользователь:
Описание: 2-шілде күні Астанада сом білекті, арыстан жүректі палуандардың басын біріктірген «Қазақстан барысы» турнирі өтеді. Осыған орай бағдарламаға «Қазақстан барысы» қазақ күресін дамыту қорының баспасөз хатшысы Назерке Сұлтанбек келіп, сұхбат берді. «Қазақстан барысы» осымен жетінші рет өтпекші. Бес жыл бойы турнир «Сарыарқа» республикалық велотрегінде ұйымдастырылып келді. Ол жерде ойынды 9000-ға жуық жанкүйер тамашалай алатын. Биылғы турнир 2015 жылы есігін ашқан «Барыс Арена» заманауи спорт кешенінде өтеді. Ол жерге 12 мыңға жуық көрермен сияды. Осы орайда ұлттық спорт жанкүйерлерінің санын арттырып отырмыз десек те болады. Басты ерекшелік - осы. «Қазақстан барысы» тек спорттық шара емес, ол жерде ұлттық мәдениетіміз, өнеріміз көрсетіледі. Палуандардың шығуы, қазақтың шапаны, сегіз бұрышты кілем - осының барлығы жоспарланған. Ең бастысы – тұрақтылық. Жеті жылдан бері турнирді кішігірім команда ұйымдастырып келе жатыр. 7-8 адамның үлкен еңбегінің нәтижесі», - дейді Н.Сұлтанбек. Сондай-ақ, биылғы жарысқа жастардың көп қатысатынын атап өтті. «Биылғы маусымды жастардыкі десек те болады. Соңғы үш жылдағы жеңімпаз Бейбіт Ыстыбаев дода ережесі бойынша іріктеусіз, финалға өтуі тиіс болған. Алайда, өз шешімі бойынша биылғы ойыннан бас тартты. 34 палуанның ішінде 11-і додаға қатыспаған дебютанттар. Дайындықтары жоғары. 29 маусым күні палуандардың барлығы Астанаға келеді», -дейді. Естеріңізге саламыз, доданы 2-шілде 13:00-де «Қазақстан» және «Kazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді.
Спонсор: Қазақстан
Категории: Интересные видео
Модели: Ирина Тен