Темірхан Артықбаев: 18 жаста «әлемді білемін» деп ойлау - қателік

Темірхан Артықбаев: 18 жаста «әлемді білемін» деп ойлау - қателік Вы не имеете доступа к этому видео.
Длительность: 13мин 29сек Просмотров: 471 Добавлено: 1 месяц назад Пользователь:
Описание: Сыналса да, сынбаған жандар. Тағдырдың қандай қиын сынағына түссе де, сынбай, қайта қайраттана алға ұмтылған қайсар жандар қоғамда көп. Темірхан Артықбаевтың 24 жыл бұрын болған жол апатынан кейін екі аяғы бірдей жансызданып қалған. Алайда, өмірдің бұл сынағына мойымай, аман қалғанына шүкіршілік етіп, спортпен шұғылданды. Соның арқасында 60-тан асқан қария бұл күнде суда жүзуден республикалық және облыстық байқаулардың жүлдегері. «Ол кезде жасым 30-да. Жұлынға зақым тиіп, бел омыртқам сынған, содан екі аяқ істемей қалды. Басында өте қиын болды. 18 жаста «әлемді білемін» деп ойлайсың, 30 жаста ешнәрсе білмегеніңді түсінесің. Сол уақытта төсек тартып жатып қалу өте қиын екен. Үйде үш жыл жатып, психологиялық тосқауылға тап болдым. Елмен сөйлескің, көріскің де келмейді. Шықсаң барлығы саған қарайтындай болып көрінеді. Арбаға отырғаныңды аяйды. Үш жылдан соң жұбайым «достарымызбен араласайық, елге шығайық» деді. Мен бас тарттым. Бәрібір келіншегім жеңді. Достарымен, туыстарыммен араластым. 23 жастағы баламыз бар», - дейді Темірхан аға.
Спонсор: Қазақстан
Категории: Интересные видео