Тағдыр сынағына түскен қызылордалық Азамат Оразбек әлеуметтік желіде қалай танылды?

Тағдыр сынағына түскен қызылордалық Азамат Оразбек әлеуметтік желіде қалай танылды? Вы не имеете доступа к этому видео.
Длительность: 11мин 24сек Просмотров: 491 Добавлено: 1 месяц назад Пользователь:
Описание: Желіде жұлдыз болу - виртуал әлемде танылудың бірден-бір жолы. Әлеуметтік желі арқылы танылған жандардан кімдерді білесіз? Ғаламтор көмегімен әп-сәтте танылу айналу үшін не істеу қажет? Желі арқылы жұлдыз болғандардың бірі қызылордалық Азамат Оразбек бүгін бағдарлама қонағы болды. Азамат - Жаңақорған ауданының тумасы. Тағдыр сынға алса да, мойымай, 12 мүшесі саудың ісінен артық амалдап жүрген Азамат қазір екі баланың әкесі. «1998 жылы бірінші сыныпты бітірген кезім. Балалармен ойнап жүріп, бір үлкен кісіге көмектесіп, трансформатордың үстіне шықтым. Күн жауын болған. Сөйтіп, тоққа түстім. Алғашында ауылдың ауруханасында біраз жаттым. Кейін анам Қызылорда облыстық ауруханасына әкелді. Ол жақтағы дәрігерлер біздің кешіккенімізді айтты. Мені аман алып қалу үшін қолдарымды кесу керек екендігін айтты. 20 жасымда үйлендім. Қазір екі балам бар. Өнерге Нұрлан деген ағам алып келді. Кейін Олжас Сыдық ағам арнайы ән жазып берді. Алматыдағы асабалар тойға шығарды. Халық жақсы қабылдаған соң, ән айта бастадым. Кейіннен Ермек бауырым ән айтқанымды желіге салып, осылайша танымал болдым. Бәрі де бауырларымның арқасында», - дейді Азамат.
Категории: Интересные видео