«Мен қазақпын» жобасы жуырда шетелдік қандастар арасында іріктеу өткізеді

«Мен қазақпын» жобасы жуырда шетелдік қандастар арасында іріктеу өткізеді Вы не имеете доступа к этому видео.
Длительность: 9мин 34сек Просмотров: 663 Добавлено: 4 месяца назад Пользователь:
Описание: Ұлттық арна ұсынған «Мен қазақпын» мегажобасының продюсері Болатбек Баянхан және жоба редакторы Толқын Амантай бағдарлама қонағы болып, жобаның ерекшеліктері және түсірілім барысындағы қызықты жайттарымен бөлісті. «Жобаның басты мақсаты – қазақтың дәстүрлі ән-күйін насихаттау. Қатысушылардың жас аралығы - 18-40 жас. Үлкен сахналар мен экран алдына шықпай жүрген талантты жандарды ел алдына шығару ойымызда бар. Қатысушы үміткерлердің өте көп болғаны қуантады. Тек Сыр өңірінің өзінен 300 үміткер өтініш білдірген. Іріктеуді 3 күн жүргіздік. Негізі еліміздің 8 қаласын аралауымыз керек. 18 күн жолда болдық. 14 облыс, бір қаланы араладық. Ал, Астана қаласындағы іріктеу 17 шілде күні өтеді. Бұйыртса, тек елімізде емес, шетелдегі қандастарымыздың да ән қорын насихаттасақ дейміз. Жақында Қытай, Моңғол, Ресей, Алтай қазақтары арасында іріктеу жүргізіледі», - дейді Болатбек Баянхан.
Спонсор: Қазақстан
Категории: Интересные видео
Модели: Ирина Тен