Бес жасар Ернарға көмек керек

Бес жасар Ернарға көмек керек Вы не имеете доступа к этому видео.
Длительность: 11мин 45сек Просмотров: 314 Добавлено: 2 месяца назад Пользователь:
Описание: Ернар көпшілікті ұнатпайды. Өзін еркін сезіну үшін жанында анасы болса болғаны. Сурет салып, бояғанды, құрастырғанды жақсы көреді. 5 жасар баласының болашағына Зебинса Төлепбергенованың үміті зор. Бар байлығы - осы ұлы. Ернар өзге балалардан ерекше. Ол туғаннан «созылмалы тері сусымалы» дертіне шалдыққан. Себеп белгісіз. Дерттің емі жоқ, бірақ қартаюын тоқтатуға болады. Ол үшін дәрілерді дер кезінде қабылдап тұру керек. Анасы алақанын жайып, өзгеден көмек сұрағанды ар санайды. Бірақ, амалы таусылып, «Әйел бақыты» бағдарламасына «балапанына көмектесетін жандар болса екен» деген тілегін білдірді. «Ернардың жасы қазір 5-те. Ауруы туғаннан басталды. «Созылмалы тері сусымалы», жүрегінде ақауы бар, өкпесі ауырады, «бронхалы астма», «бірінші иммунотапшылық», «гипотиреоз» диагнозы қойылды. 5 жасқа дейін 3 ота жасалды. Дәрігерлер 2014 жылы қымбат дәрі тағайындады. Ол дәрі аптасына бір рет тері астына енгізіледі. Өмір бойы. Дәрінің 1 флаконы 74 000 теңге тұрады. Қазір сол дәрінің 2 флаконы қалды. Бірақ, ол дәрінің арасын үзуге болмайды. Біз жалдамалы пәтерде тұрамыз. Дәрі-дәрмектерді өзіміз сатып аламыз. Тек күйеуім жұмыс істейді. Мен баламен үйдемін. Арманымыз – кішкентай болса да, өзіміздің үйіміз болса», - дейді Зебинса Төлепбергенова.
Спонсор: Қазақстан
Категории: Интересные видео