55-бөлім. Аяулы арман

55-бөлім. Аяулы арман Вы не имеете доступа к этому видео.
Длительность: 37мин 58сек Просмотров: 1 489 Добавлено: 1 год назад Пользователь:
Описание: ...Қойманың төбесі құлағанда Едіге қоймада болатын. Туыс-таныстары оны алғашқыда өлдіге санайды, алайда мүрдесін таппаған соң із-түссаіз жоғалып кеткенін біледі. Сол түні Едіге жатақханаға Аңсарға келеді. Едіге қалай аман қалғанын Аңсарға түсіндірген соң, екеуі бұл іске Теміровтың қатысы барын болжайды. Ал, Тоғжан Едігенің тірі екенін білген соң, оны Жолтай Теміровтің үйіне қайта барып тұруға үгіттейді. Едіге көнбейді. Ертесіне Едіге өзінің атына ашылған банктегі ұяшық жөнінде білуге келеді. Банкте Едіге Саттаровтың атына ашылған ұяшық барын, оның ішіндегі заттарды қазір алып кетуіне болатынын айтады. Ұяшықты Едігенің әкесі Асқар Саттаров 2000 жылы ашқаны және ұяшықтың ақысы 15 жылға алдын-ала төленгені анықталады. Алайда, Едігеде ұяшықтың кілті болмай шығады. Нартай жатақханаға Көркемді іздеп, аурухананың атынан хабарласады. Жатақхананың вахтеріне дәрігер болып хабарласқан ол, кешкі сағат 18:00-де Көркем Омарованының денсаулығын тексеру үшін медбике келетінін ескертеді. Уәли полиция қызметкерлеріне ұсталып қалады. Олар Уәлиге егер түрмеге отырғың келмесе, Нартай туралы ақпарат бересің дейді. Қамбар Жігер мен оның құрбысының заңсыз ойынханасын полиция қызметкерлеріне тауып береді. Аңсар, Едігені Тайжан Омарұлының үйіне алып келеді. Олар ұяшық жайында айтады. Тоғжан ұяшықтың кілті қайда екенін білетінін айтады.
Спонсор: Қазақстан
Категории: Полные выпуски