Түрікменстан президентінің Қазақстанға сапарынан не күтеміз?

Түрікменстан президентінің Қазақстанға сапарынан не күтеміз? Вы не имеете доступа к этому видео.
Длительность: 7мин 34сек Просмотров: 420 Добавлено: 4 месяца назад Пользователь:
Описание: Студия қонағы - Халықаралық қатынастар жөніндегі сарапшы Әлкей Марғұланұлы. Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов бүгін Астанаға келді. Аркадагтың бұл сапары екі елдің қарым-қатынасына қалай әсер етпек? Кейбір сарапшылар Бердімұхамедовтың Қазақстан астанасына сапарын сол елдегі күрделі экономикалық жағдаймен байланыстырып отыр. Мұның себебі неде? «Орталық Азияда үш мемлекетті ерекше атап өтуге болады. Ол - Өзбекстан, Түрікменстан және Қазақстан. Түрікменстан да - біздің еліміз секілді табиғи ресурстарға бай мемлекет.  Оның ішінде табиғи ресурстар қоры бойынша әлемнің бес мемлекетінің ішіне кіреді. Табиғи ресурстарды иелену – бір бөлек, ал, оны сату – бір бөлек. Сол себепті сапардың негізгі мақсаты – екі ел арасындағы қордаланған мәслелерді шешу және өзара сауда-саттық, ынтымақтастық әлеуетін жаңа бір деңгейге шығару», дейді сарапшы. Сондай-ақ, Әлкей Марғұланұлы екі ел басшыларының кездесуі нәтижесінде 10-ға жуық құжатқа қол қойылғанын атап өтті. Өткен жылы Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы тауар айналымы 283 млн. долларға жеткен деген мәлімет бар. Бұл қаншалықты дәделді? Екі ел арасындағы әлеуетті қаншалықты пайдалана алып отырмыз? Бердімұхамедов сапарынан не күтеміз? Бағдарлама барысында осы сауалдарға сарапшы пікірін біле аласыздар. 
Спонсор: Қазақстан
Категории: Интересные видео