Ернар Айдардың концерті

Ернар Айдардың концерті Вы не имеете доступа к этому видео.
Длительность: 75мин 25сек Просмотров: 1 471 Добавлено: 1 год назад Пользователь:
Описание: «Сәлем, Қазақстан!» - жаңа форматтағы қайталанбас шоу. Онда әрбір көрермен айтулы оқиғаның қатысушысы бола алады. Не себепті оқиға? Мәселен, отандық шоу-бизнесте 100 пайыз live концерт көрермен назарына өте сирек ұсынылады. Аталған жобаның жаңалығы сол – әртіске жанды дауыста инструменталды ансамбльдің сүйемелдеуімен жеке шығармашылық концерт ұсынады. Көрермен де тыс қалмақ емес. Біріншіден, шоудың түсірілімдері әдеттегідей павильонда емес, әдеттегі концерт залында көрерменнің қатысуымен өтеді. Яғни, көрермен шоу түсірілімін оқиға орнында көруге мүмкіндік алады. Екіншіден, шоу жұлдызына сауал қойғысы келген кез келген адамға мүмкіндік беріледі. Ол үшін біз «Еркін микрофон» айдарын аштық. Үшіншіден, жүргізушілердің басты түсіру аймағы концерт залының орталығы - көрерменнің арасында болмақ. Мұндай жағдай біздің теленарықта болмаған. Көрерменмен тікелей байланыс, ашық диалог осы жерде туындамақ. Ең бастысы, бұл шоу бүгінгі қазақ сахнасындағы орындаушылардың деңгейін анықтауға мүмкіндік бермек. Сценаристердің креативті тобы әртіс үшін де, көрермендер үшін де түрлі тосынсыйлар тарту етпек. Концерт барысында жыл бойы үздік орындаушылардың хит шеруі ұсынылмақ. «Астана аруы-2013» - Аяулым Ерғазы жүргізетін шерудің үздіктері арнайы сайттағы дауыс беру арқылы анықталмақ. Сонымен қатар, жаңа синглдардың таныстырылымы өтеді. Осыған орай, қалың көпшілік ай сайын, кейінірек жыл сайын жылдың үздік синглын, орыдаушысы, үздік бейнебаянды және т с с анықтайтын болады.
Спонсор: Қазақстан
Категории: Полные выпуски